Құрметті кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер!

Сіздерді 22 қазанда Астана қаласында өтетін қазақстандық-германдық конференция аясында ұйымдастырылатын «Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін заманауи ауыл шаруашылығы техникасы – саясат пен бизнеске арналған стратегиялар» тақырыбындағы панельдік пікірталасқа қатысуға шақырамыз. Конференцияның негізгі тақырыбы – «Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты ауыл шаруашылығы және инновациялық тәсілдер арқылы қамтамасыз ету».

Конференцияны ұйымдастырушы – Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералды министрлігі.

Іс-шара 22-23 қазан күндері Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында өтеді және Германияның Қазақстандағы аграрлық күндерінің аясында ұйымдастырылады.

Панельдік сессияның модераторы – Дирк Штратманн, German Agribusiness Alliance ұйымының Орталық Азия бойынша өкілі.

Спикерлер;

•Азамат Панбаев, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы;

•Берік Бекенов, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы

•Михаил Золотухин, «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры;

•Константин Фрай, Reimann Holding GmbH компаниясының сату бөлімінің жетекшісі;

•ROPA Fahrzeug- und Maschinenbau GmbH компаниясының өкілі.

 

Талқыланатын мәселелер:

•Қазақстандағы заманауи ауыл шаруашылығы техникасына деген қажеттілік;

•Техниканы жеткізуді қамтамасыз ету жолдары;

•Субсидиялау стратегияларының рөлі;

•Қосалқы бөлшектер мен компоненттерді жеткізу жүйесі.

Панельдік сессия 22 қазан күні сағат 14:40-15:40 аралығында Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, «EXPO» Халықаралық көрме орталығында өтеді.