Астанада «Субконтракт биржасы-2024» өтеді

 

Астанада «Субконтракт биржасы-2024» атты ауқымды бизнес-іс-шарасы  өтеді. Шараға ірі жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құраушы кәсіпорындар, отандық тауар өндірушілер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысады.

Биржаның ұйымдастырушысы - «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы.

Іс-шараның мақсаты жаңа нарықтарды іздеуге, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және B2B байланыстарды қалыптастыруға ықпал ету мақсатында тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы тікелей келіссөздер жүргізу алаңдарын ұсыну болып табылады. Биржа аясында тапсырыс берушілер мен жергілікті өндірушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттарға қол қою жоспарлануда.

«Субконтракт биржасы-2024» іс-шарасы 2024 жылдың 20 қарашасында сағат 09.30-да Астана қаласында, Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінің (Кабанбай батыр даңғылы, 15) «Garden» мәжіліс залында өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 79 33 90 (ішкі. 4102 Баян; 4103 Динара) хабарласуға болады.