Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бірыңғай байланыс орталығы үшін жасанды интеллект негізіндегі чат-боттың альфа-нұсқасы іске қосылды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 1465 байланыс орталығы үшін жасанды интеллект негізінде чат-боттың альфа-нұсқасы іске қосылды. 

Чатбот тәулік бойы 24/7 форматында келесі сілтеме бойынша қол жетімді болады: https://t.me/iDos_official_bot.

Бұл азаматтарға операторлардың жұмыс кестесіне қарамастан кез келген уақытта байланыс орталығымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, чат-ботты енгізу азаматтармен өзара іс-қимыл сапасына оң әсер етеді. Естеріңізге сала кетейік,  Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 1465 байланыс орталығы осы жылдың ақпан айында іске қосылған.

Ағымдағы жылдың 5 ақпаны мен 29 қазаны аралығында байланыс орталығына өтініштердің жалпы саны 28 568 қоңырауды құрады. Министрліктің хабарлауынша, чатбот одан әрі дамытылады және жаңа бірегей сұраныстар түскен сайын оны оқыту жалғасады.