Отандық жылу оқшаулағыш материалдарының экспорты 2,3 есеге өсті

2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында отандық жылу оқшаулағыш  материалдарының экспорты 2,3 есеге өсіп, $13,3 млн құрады.

Экспорт көлемінің өсімі ТМД елдері тарапынан өнімге деген сұраныстың артуымен байланысты болып отыр. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

Жылу оқшаулағыш материалдардың негізгі отандық өндірушілері «ПТК «Izoterm» (ШҚО), «ҚазТермоГрупп» (Ақтөбе облысы), Макинск Жылу оқшаулау зауыты (Ақмола облысы) және тағы басқа кәсіпорындар.

 

Жылу оқшаулағыш материалдардың экспорт көлемі

Көрсеткіштің атауы

2023 ж. қаңтар-шілде

2024 ж. қаңтар-шілде

өсім

Экспорт көлемі,
мың. АҚШ. доллары

5 710

13 299,8

+2,3 есе

 Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ

фото izoterm.kz