Алматылық Stark Alpha өндірістік-сауда компаниясы еліміздегі технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларын алған алғашқы кәсіпорындардың бірі. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының жаңа түрі осы жылдың мамыр айынан бастап енгізілген.
Шыныпакеттерге арналған материалдар өндірумен айналысатын Stark Alpha компаниясы QazIndustry арқылы 2 түркиялық автоматты араластырғыштарын сатып алуға жұмсаған шығындарын өтеді. Өтемақы сомасы 28,3 млн теңгені құрады. Аталған араластырғыштар шыныпакеттер өндірісінде қолданылатын полисульфидті тығыздағышты(герметик) шығаруға арналған. Соның нәтижесінде шыныпакеттердің беріктігі артады.
Қазіргі күні компоненттерді араластыру процесі жылдам әрі сапалы болып отыр. Жаңа араластырғыштар температура мен технологиялық операцияның уақытын реттейді.
Алматылық кәсіпорын Қазақстандағы шыныпакеттерге арналған екі компонентті тығыздағыштың жалғыз өндірушісі. Компания 2011 жылы құрылған. Мұнда автоматтандырылған желілер арқылы және қолмен құрастырылатын шыныпакеттерге арналған тығыздағыштар шығарылады.
Stark Alpha компаниясы жыл сайын 4000 тоннадан астам өнім шығарады. Кәсіпорын Basf, Honeywell, Eastman, Ineos, «Омия» сияқты әлемдік өндірушілерден алынған шикізаттарды пайдаланады. Сонымен қатар, зауыт Қазақстандағы Nedex ресми дистрибьюторы болып табылады, және шыныпакеттерге арналған қосалқы бөлшектер – молекулалық електер және аралық рамкаларды сатады.
Ішкі нарықтан бөлек, компания Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия нарықтарын екі компонентті тығыздағышпен қамтамасыз етеді.
«Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы естігенде, біз қуанып қалдық. Соның нәтижесінде, заманауи автоматты араластырғыштарды сатып алу компанияға 40 пайызға арзанға түсті. QazIndustry арқылы өтелген қаражатқа біз өндіріс үшін шикізат сатып алдық», – деп бөлісті кәсіпорында.
Естеріңізге сала кетейік, а.ж. 12 мамырынан бастап «QazIndustry» Қазақстандық идустрия және экспорт орталығы кәсіпорындарға технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуді бастады. Тарихи кезең екі жылды құрайды, яғни кәсіпорын соңғы екі жыл мерзімінде сатып алынған жабдықтарға жұмсалған шығындарының 40 пайызын өтей алады (өтелетін қаржы 60 млн теңгеден аспайды).