2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында елімізде өндірілетін жасанды кешенді жіптерден жасалған маталардың экспорты 17,3 есеге өсіп, $7,1 млн құрады. Бұл айтарлықтай өсім ТМД елдері тарапынан өнімге деген сұраныстың артуымен байланысты болып отыр.
Айта кететіні, жасанды кешенді жіптерден жасалған маталар деп, табиғи органикалық (ақуыздар, целлюлоза) және бейорганикалық (металдар, шыны) шикізатты физикалық және химиялық өңдеу арқылы алынған талшықтардан тоқылған маталарды атайды. Бұл маталардың ішінде сұранысқа ие түрлеріне вискоза, модал, бамбук, ацетат және триацетат жатады.
Жасанды кешенді жіптерден жасалған маталар
Көрсеткіштің атауы |
2023 ж. қаңтар-тамыз |
2024 ж. қаңтар-тамыз |
өсім |
Экспорт көлемі, мың. АҚШ. доллары |
411,6 |
7 137,8 |
17,3 есе |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ