Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша (қаңтар-қазан) отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына QazIndustry арқылы 1 млрд 154 млн теңгеге шығындарының бір бөлігі өтелді. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.
Қаражаттың басым бөлігі - 1 млрд 134 млн теңге кәсіпорындардың технологиялық процестерін жетілдіру, өндіріс тиімділігін жақсарту, цифрлық технологияларды енгізу және қызметкерлердің құзыретін арттыруды, технологиялық жабдықтарды сатып алу бағыттарын көздейтін еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындарын өтеуге бағытталған.
Бұл бағыт бойынша өтінімдер көбінесе Алматы және Маңғыстау облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалалаларының кәсіпорындарынан, ал салалық бөліністе - АӨК, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарынан келіп түскен.
Сондай-ақ, өнімдер мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бағыты бойынша (тауарлардың сәйкестігін растау, өнімді бағалау, инспекциялық аудит және бақылау жүргізу, сертификаттарды тіркеу және т.б.) өтелген қаржы сомасы 20,1 млн теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша QazIndustry мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында телефон арқылы кеңес берумен қатар, жалпы саны 53 іс-шара өткізген. Оның ішінде семинарлар, ашық есік күндері, кәсіпорын өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының өкілдері өңірлерге бару арқылы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Есепті кезеңде орталық мамандары өңірлердегі 93 кәсіпорынға барып, ынталандыру шаралы туралы ақпаратты жеткізген.