4 желтоқсан күні Eurasian Resources Group (ERG) жыл сайынғы ERG Supplier Award үздік жеткізушілерін марапаттау рәсімін өткізді. Оның қатысушылары топ кәсіпорындарына тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізетін серіктестер болды.
Іс-шараның ашылуында Еуразиялық Топ Бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев сөз сөйледі. Ол құттықтау сөзінде серіктестермен тығыз әрі үйлесімді жұмыс істеудің маңыздылығын айтып, операциялық тиімділікті арттыру үшін тұрақты түрде жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.
Панельдік пікірталас аясында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Жергілікті қамтуды дамыту және мониторинг жүргізу дирекциясының басшысы Ринат Қабылбеков сөз сөйледі. Ол ERG тарапынан осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, ERG Supplier Award сыйлығының жеткізушілердің қызмет сапасы, сенімділігі және жоғары деңгейін мойындау екенін айтты.
Сонымен қатар, QazIndustry өкілі серіктестік қатынастарды нығайту және ішкі нарықтағы өзара әрекеттесуді дамыту отандық өнеркәсіптің дамуына ықпал ететінін атап өтті.
Еуразиялық Топ жыл сайын отандық тауар өндірушілерімен ынтымақтастығын арттырып, серіктестер санын арттыруда және сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің жоғары сапасына басымдық береді. Бұл өте маңызды, себебі ERG өнімдері жоғары технологиялық болып табылады және Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға үлес қоса отырып, халықаралық нарықтарға шығарылады.
ERG Supplier Award сыйлығы компанияның жоғары стандарттарға адалдығын көрсетіп, серіктестік экожүйесін дамыту мен ұлттық экономиканы нығайтуға белсенді атсалысатын жеткізушілердің еңбегін бағалаудың белгісі болып табылады.
