2024 жылдың қаңтар-қазан айларында ерлердің костюмдері мен жиынтықтарының (трикотаждан басқа) өндірісі 68,5%-ға артып, 104,1 мың дананы құрады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.
Өндірістің негізгі бөлігі Жетісу облысына тиесілі – 64,7 мың костюм (62%). Сонымен қатар, Астанада 18,4 мың (18%), ал Солтүстік Қазақстан облысында 8,4 мың костюм (8%) тігілген.
Ерлер костюмдерін өндіретін негізгі компаниялар қатарында «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «Glasman», «Арайлы», «ТФ Ажар», «Жібек Н.М.» және «Astana Ютария ltd» ПИК бар.
Ерлер костюмдері мен жиынтықтарының өндіріс көлемі
(трикотаждан басқа)
Өндіріс |
2023ж. қаңтар-қазан |
2024ж. қаңтар-қазан |
өсім |
Өндіріс көлемі, мың.дана. |
61,8 |
104,1 |
68,5% |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ.