QazIndustry порталында өнеркәсіптегі цифрлық шешімдердің сәтті кейстері ұсынылған

 

Өндірісті автоматтандыру – қазіргі күнгі ең өзекті трендтердің бірі. Кәсіпорындар технологиялық процестердің тиімділігін арттыру, шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту мақсатында роботтандырылған жүйелерді енгізуде.

«QazIndustry» АҚ Цифрлық трансформациялау дирекциясы өнеркәсіптік кәсіпорындармен және цифрлық шешімдер жасаушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Мамандар шағын және орта бизнес субъектілеріне цифрландыруға қолдау көрсету үшін цифрландырудың жол карталарын әзірлеуге және IT-шешімдерді енгізуге көмектеседі.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында QazIndustry порталында 2021 жылдан бері арнайы – «Мәліметтер базасы» («Цифрлық трансформация алаңы» бөлімінде) бөлімі бар. Бұл бөлімде цифрландыруды сәтті жүзеге асыруға арналған құнды білім, ұсыныстар мен құралдар жинақталған.

«Мәліметтер базасы үздік тәжірибелерді, жүзеге асырылған жобалардың нәтижелерін, әдістемелік ұсынымдарды және өнеркәсіптегі цифрлық шешімдердің сәтті кейстерін біріктіреді. Модуль бизнес пен IT-сектор өкілдері арасында тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікке жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті QazIndustry цифрлық трансформациялау дирекциясы басшысының орынбасары Айжан Серікпаева.

Қазіргі уақытта мәліметтер базасында отандық кәсіпорындарда іске асырылған цифрлық жобалар туралы 556-дан астам толық сипаттамасы қамтылған ақпарат орналастырылған. Бұл жобалар технологияларды табысты енгізу және қол жеткізілген нәтижелерді көрсетеді. Сонымен қатар база өндірістік процестердегі технологиялар туралы аналитикалық материалдар мен мақалаларды қамтиды.

Сондай-ақ модульде өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін озық құралдар мен шешімдер туралы ақпарат жинақталған технологиялар кітапханасы ұсынылған.

Бұл модуль кез келген қызығушылық танытқан тұлғаларға QazIndustry ресми интернет-ресурсы арқылы қолжетімді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен IT-компанияларды мәліметтер базасының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға және оны одан әрі толықтыру бойынша ынтымақтастыққа шақырамыз. Инновацияларды енгізіп, тәжірибеңізбен бөлісіңіз, бірге Қазақстанның цифрлық өнеркәсібінің болашағын құрайық!

Толығырақ ақпаратты https://digitalportal.qazindustry.gov.kz/ сілтемесы арқылы таба аласыз.