QazIndustry-де сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызы туралы айтылды

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсаны күні «Qazindustry» АҚ Комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс сабақтары өтті. Кезекті оқыту дәрісіне акционерлік қоғамның   өңірлерді дамыту және экономикалық интеграция дирекцияларының мамандары қатысты.

Комплаенс қызметі орталығының директоры Қанат Макуштың айтуынша, мұндай дәрістердің мақсаты – орталық мамандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қарастырылған жауапкершілік түрлерін түсіндіру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және лауазымды тұлғалардың міндеті болып табылады.