Қазақстанда 333,7 млрд теңгеге электр жабдықтары өндірілді

Қазақстанда электр жабдықтарының өндірісі тұрақты қарқынмен өсіп келеді. 2024 жылдың 11 айында өндіріс көлемі 333,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,3%-ға артық. Физикалық көлем индексі 108,1%-ды құрады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

        Өндірістің өсуіне трансформаторлар, электр тарату және реттеу аппараттарының (+28,4%), кабельді өткізгіш өнімдер (+14,2%) мен аккумуляторлардың (+39,3%) өндірісі айтарлықтай әсер етіп отыр