Мұнай-газ машина жасау саласында өндіріс көлемі 40%-ға жуық ұлғайды

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мұнай-газ машина жасау саласында өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,8%-ға ұлғайды. Есептік кезеңде 51,8 миллиард теңгеге өнім өндірілді. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, өндірістің өсуіне негізгі себеп ретінде крандар, клапандар және вентильдер өндірісінің ұлғаюы әсер еткен. Аталған өнімдердің өндірісі 89%-ға өсіп, 2023 жылғы қаңтар-қараша аралығында 17,3 млрд теңгеден 2024 жылғы сол кезеңінде 32,8 млрд теңгеге жеткен.