Құрметті серіктестер және кәсіпорын өкілдері!
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ атынан белгісіз үшінші тұлғалардың кәсіпорындарға хабарласып, өндіріс көлемі, өнім түрлері, қаржылық табысы және өзге де статистикалық мәліметтерді сұрату фактілері бар екенін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, сіздерден сақтық танытып, «QazIndustry» атынан белгісіз тұлғалар хабарласатын болса, байланысқа шыққан адамның аты-жөнін, лауазымын, құрылымдық бөлімше атын және байланыс деректерін нақтылап алуды сұраймыз.
Айта кетейік, QazIndustry қызметкерлері өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен телефон байланысы арқылы бірлескен жұмыстар барысындағы қызмет көрсету аясында немесе бизнеске ынталандыру шараларын ұсыну бойынша жекелеген мәселелерді анықтау қажеттіліктері туындаған жағдайда хабарласады.
Назар аударамыз, QazIndustry тарапынан ресми сұраулар тек корпоративтік электрондық пошта арқылы немесе ресми байланыс арналарымен жіберіледі.
Бізбен келесі ресми байланыс арналары арқылы хабарласуға болады:
📞телефон: +7 (7172) 79-33-99 (ішкі. 8106);
📧 электронды пошта: info@qazindustry.gov.kz;
🌐 веб-сайт: www.qazindustry.gov.kz.
Егер сіздер үшінші тұлғалардың осындай жағдайларымен кездессеңіз немесе біздің компания атынан күмәнді хабарлама алсаңыз, дереу QazIndustry комплаенс қызметіне +7 (7172) 79-33-99 (ішкі нөмір 1055) байланыс телефоны арқылы хабарласыңыз.
Бұл ақпарат болашақта мүмкін болатын жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Біз серіктестерімізбен сенімді және ашық қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз!