Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу ережелері түсіндірілді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу ережелерінің жаңа жобасы түсіндірілді.

25 қаңтар күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетовтің ұйымдастыруымен «QazIndustry» АҚ алаңында кәіпкерлерге арналған онлайн-кеңес өткізілді.

Іс-шараға 500-ге жуық кәсіпкер мен қоғам өкілдері қатысты.

Кеңес барысында кәсіпкерлерге жобаның негізгі тармақтары, соның ішінде отандық тауар өндіруші мәртебесін растау механизмі толық түсіндірілді.

Айта кетейік, бұл құжат қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растаудың нақты тәртібін белгілеуге бағытталған және ол отандық бизнесті қолдауға әрі оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды қадам болмақ.

Министрлік алдағы уақытта да аталмыш құжаттың жобасын талқылау бойынша қосымша кеңестер өткізіп, бизнес өкілдерімен және мүдделі тараптармен бірлесіп, ережелерді талқылау мен пысықтауды жалғастыратынын хабарлайды.