QazIndustry-де әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері Ашық есік күндері өткізіледі. Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының мамандары келушілерге өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы, кәсіпорындардың шығындарын өтеу шарттары мен аталмыш қызметті алу үшін құжаттарды тапсыру тәртібін жан-жақты түсіндіреді. Сонымен қатар, онлайн түрдегі жіберілетін өтінімдерді толтыру барысындағы жиі кездесетін қателіктер жайлы айтады.
Ағымдағы жылдың 6 ақпаны күні QazIndustry-де өткен кездесуге «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ, «АгроТехМенеджмент» ЖШС және «Астананың болат өнеркәсібі компаниясы» өкілдері келді.
Мамандар кәсіпорындар өкілдеріне мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы айтып, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ тараптар өндіріс жағдайын, технологиялық процестерді талқылап, компаниялардың даму мүмкіндіктері мен экспортқа шығу перспективаларын қарастырды.
Еске сала кетейік, Ашық есік күндері «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ кеңсесінде (Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 4-қабат) аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін(түскі үзіліс – 12:30-14:00) өтеді.