2025 жылғы 24-26 ақпан аралығында Астанадағы EXPO алықаралық көрме орталығында лак-бояу материалдары мен жабындар саласындағы ең ірі көрме – Central Asia Coatings Show 2025 өтеді. Іс-шараға Қытай, Үндістан, Түркия, Беларусь, Ресей, Германия, Польша, Сингапур, Италия және Қазақстан сияқты 10 елдің жетекші жабынды өндірушілері мен жеткізушілері қатысады.
Көрме аясында екі күндік бизнес-конференция өтеді, онда қатысушылар саланың өзекті трендтерімен және жетекші мамандардың тәжірибесімен таныса алады. Конференция спикерлерінің бірі «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сагиев болады. Ол 25 ақпанда сағат 11:00-де «Лак-бояу өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында баяндама жасайды.
Осы саладағы кәсіпорындар үшін өзекті ынталандыру шаралары мен қолдаулар туралы ақпарат алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Көрмеге қатысу үшін тіркелу формасын келесі сілтеме арқылы толтырыңыз:https://centralasiacoatingshow.com/posetitelyam/on-line-registratsiya?utm_source=pr&utm_medium=a&utm_campaign=qazindustry.
