Қазіргі уақытта «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі (МАЖ) жаңғыртылуда, оның аясында «Тізілім» (tizilim.gov.kz) жаңа платформасына көшу жүзеге асырылуда.
Ол бұрынғы интернет-ресурсты (reestr.nadloc.kz) ауыстырып, сатып алу жүйесінің тиімдірек жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
«Тізілім» МАЖ пилоттық нұсқасы «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС авторлық құқығы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (ENS TRU) кодтары негізінде әзірленді.
Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушылар ENS TRU анықтамалығын пайдалану құқығын алу үшін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен шарт жасасуы қажет.
