Құрметті кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері!

Сіздерді «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру аясында өндіріс шарттарын, өндірістік және технологиялық операцияларды әзірлеу» тақырыбындағы талқылауға қатысуға шақырамыз.

Іс-шара ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Көшмамбетовтің бастамасымен, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен QazIndustry-дің ұйымдастыруымен өтеді. Аталмыш мекемелердің өкілдері осы кездесуде спикер ретінде сөз сөйлейді.

Кездесуге қатысушылар өндірістік үдерістің нақты қандай кезеңдері қамтылатынын ескере отырып, өндіріс шарттары мен технологиялық операцияларды әзірлеу мәселелерін талқылайды.

Айта кетейік, бұл – Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі жобасын талқылау аясында өтетін төртінші ZOOM кездесуі.

Кездесу бүгін, 27 ақпанда өтеді.

Қатысу сілтемесі : Zoom арқылы қосылу сілтемесі: https://zoom.us/webinar/register/WN_bP01_XMwR4K6N7s0Vyk2Uw

Басталу уақыты – 17:00