Еуразиялық тізілім 298 қазақстандық тауар түрімен толықтырылды

2025 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сатып алуларға арналған Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне (ЕӨТТ) 298 жаңа тауар және машина жасау саласындағы екі қазақстандық өндіруші – «Степногор мойынтірек зауыты» АҚ және «Оралагрореммаш» АҚ енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі 2020 жылы өндірушілердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. Тізілім жұмыс істеген бес жыл ішінде «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының қолдауымен ЕӨТТ-не өнеркәсіптің түрлі салаларында жұмыс істейтін 17 қазақстандық өндірушінің 2955 тауары енгізілді.

ЕӨТТ енгізілуі үшін өнім белгіленген өндірістік және технологиялық талаптарға сәйкес болуы керек. Бұл сәйкестік СТ-1 сертификаты немесе сараптама актісі арқылы расталуы тиіс.

Тауар өндірісіне қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы №105 шешімімен бекітілген «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларында» реттелген.

QazIndustry отандық өндірушілерге Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне енгізу бойынша жан-жақты қолдау көрсетеді. Компания аналитикалық және консультативтік көмек ұсынып, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына қатысу барысында өнеркәсіптік тауар өндірушілер үшін кездесетін кедергілерді жоюға ықпал етеді.

ЕӨТТ және ЕАЭО елдерінің өндірушілері туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://goszakupki.eaeunion.org/erpt/ru/registers/products/list.