2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 12 есе өсіп, 16,1 млрд теңгеге жетті.
Ең үлкен өсім мақта-мата өндірісінде байқалды. Бұл саладағы инвестиция көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 277 есе өсіп, 56,2 мың теңгеден 15,5 млрд теңгеге дейін жетті. Өсім көрсеткішіне негізінен Түркістан облысы ықпал етті. Өңірдегі инвестиция көлемі 15,5 млрд теңгені құрады.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы инвестиция көлемі, млрд теңге
|
қантар-ақпан. 2024 |
қантар-ақпан. 2025 |
Өсім |
|
|
Жеңіл өнеркәсіп |
1,3 |
16,1 |
+ 12 есе |
|
Қазақстан Республикасындағы мақта-мата өндірісі |
0,05 |
15,5 |
+ 277 есе |
|
Түркістан облысындағы мақта-мата өндірісі |
- |
15,5 |
|
Дереккөздер: ҚР СЖРА ҰСБ.
