QazIndustry-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша кезекті дәріс өтті. Комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен өткен оқыту дәрісіне орталықтың АЭА және ИА дамыту, Бизнесті ынталандыру және Өтінімдерді өңдеу және сараптау дирекцияларының мамандары қатысты.
«Мұндай дәріс сабақтарының мақсаты қызметкерлердің заңнамалық нормалар туралы білімін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекелдерді барынша азайту», - деп атап өтті Комплаенс-қызметінің басшысы Қанат Макуш.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry-де жедел байланыс желісі жұмыс істейді, бұл желі арқылы Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтары жөнінде хабарлауға болады: +7 (717) 279 33 99 (ішкі 1055).
Сондай-ақ, senim@qazindustry.gov.kz электрондық поштасына хабарлама жолдауға болады.
