QazIndustry Өңірлерді дамыту дирекциясы Қазақстандағы кластерлік даму мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетіп, сондай-ақ кластерлік бастамаларды талдау және ілгерілету жұмыстарын жүргізеді. Мамандар өңдеу өнеркәсібі деректері негізінде ел өңірлеріндегі аумақтық кластерлерді анықтау және бағалауға бағытталған зерттеу нәтижелерін ұсынды. Бұл деректер экономикалық өсудің негізгі бағыттарын айқындап қана қоймай, өнеркәсіптік саясатты дамыту үшін стратегиялық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Жаһандық бәсекелестіктің күшеюі, өндірістердің технологиялық күрделенуі және өңірлердің тұрақты дамуы қажеттілігі жағдайында экономиканы кеңістіктік талдаудың тиімді құралдарын іздеу күннен-күнге өзекті бола түсуде. Осындай құралдардың бірі – кластерлік тәсіл. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде, әсіресе М. Портердің және басқа да зерттеушілердің еңбектері арқасында кеңінен қолданылып келеді.
Бұл зерттеу Қазақстан өңірлеріндегі аумақтық кластерлерді анықтау және бағалау мақсатында өңдеу өнеркәсібінің деректері негізінде жүргізілді. Талдау М. Портердің әдістемесіне сүйеніп, өндіріс концентрациясы (PCR) мен жұмыспен қамту коэффициенті (ECR) көрсеткіштері арқылы салалардың аймақтық деңгейдегі тиімділігі мен маңыздылығын бағалауға мүмкіндік берді.
ECR және PCR коэффициенттерін салыстыру арқылы салаларды даму деңгейіне қарай жіктеуге мүмкіндік берді:
I квадрант (жоғары жұмыспен қамту және жоғары өнімділік) – стратегиялық маңызы бар, қалыптасқан және дамыған кластерлерге жататын салалар.
II квадрант (жоғары өнімділік, бірақ төмен жұмыспен қамту) – технологиялық тұрғыдан дамыған, капитал сыйымдылығы жоғары, бірақ ауқымын кеңейтуді қажет ететін салалар.
III квадрант (төмен жұмыспен қамту және төмен өнімділік) – қазіргі уақытта кластерлік әлеуеті жоқ салалар.
IV квадрант (жоғары жұмыспен қамту, бірақ төмен өнімділік) – модернизация мен қолдауды қажет ететін әлеуметтік маңызы бар салалар.
Жүргізілген талдау экономикалық өсудің негізгі бағыттарын анықтауға ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптік саясаттың стратегиялық басымдықтарын белгілеуге мүмкіндік береді:
- бірінші және екінші квадранттағы салалар өндірісті кеңейту, экспорттық әлеуетті арттыру және мемлекеттік қолдау арқылы дамыту үшін басым бағыттар ретінде қарастырылуы тиіс.
- төртінші квадранттағы салалар тиімділігі төмен болғанымен, әлеуметтік маңызы зор, сондықтан оларды жаңғырту үшін мемлекеттік қолдау бағдарламалары қажет.
- үшінші квадранттағы экономикалық қызметтің әлеуеті шектеулі болғандықтан, оны қосымша шарттарсыз кластерлік бастамаларға енгізу тиімсіз.
Алынған нәтижелер аймақтық өнеркәсіптік даму тұрғысынан кластерлік талдауды қолданудың маңыздылығын растайды. Кластерлеу белгілері бар көптеген салалардың болуына қарамастан, қатысушылар арасындағы көлденең және тік байланыстарды, инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді және инновациялық әлеуетті қосымша тексеру қажет.
Жүргізілген зерттеу Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде кластерлік өсу белгілері бар айқын нүктелердің бар екенін көрсетті. Қолданылған әдіс-тәсіл кеңістіктік шоғырлану әлеуеті жоғары салаларды алдын ала диагностикалау үшін тиімді екенін дәлелдеді. Келешектегі зерттеулердің перспективалы бағыты — анықталған кластерлерді кешенді түрде тексеру және компаниялар арасындағы өзара әрекеттесудің жетілуін бағалау индикаторларын әзірлеу.
Зерттеу нәтижелері: Алматы қаласының кластерлік әлеуеті

Дереккөз: QI есептеулері
