Ағаш паллеттері мен поддондарының экспорты 15 есе артты

2025 жылдың қаңтар айында ағаш паллеттері, поддондар және басқа да жүк тиеу тақталарын экспорттау көлемі 15 есе артып, 1,7 млн долларды құрады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

Бұл айтарлықтай өсім Германияның (экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі – 93,5%) және Қырғызстанның (6,5%) өнімге деген сұранысының артуына байланысты болып отыр.

Қазақстанда ағаш поддондары, паллеттері және басқа да жүк тиеу тақталарын өндірумен «Pallety.kz», «InterExpoGroup» және басқа да компаниялар айналысады.

 

Паллеттер, поддондар және басқа да жүк тиеу тақталарының экспорт көлемі

 

Көрсеткіш атауы

қаңтар

2024 ж.

қаңтар

2025 ж.

өсім

Өндіріс көлемі, мың.АҚШ доллары

114,6

1 682,3

+15 есе

Германия

53,4

1 573,4

+29,5 есе

Қырғызстан

60,4

108,5

+79,7%

 

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ