2025 жылдың қаңтар айында Қазақстанның болат арматурасының экспорты 2,1 есе артып, 25,2 мың тоннадан 53,9 мың тоннаға жетті. Өсім негізінен Өзбекстан тарапынан сұраныстың 9,2 есеге (2,7 мың тоннадан 24,9 мың тоннаға дейін) және Тәжікстаннан сұраныстың 25,9 %-ға (19,6 мың тоннадан 24,7 мың тоннаға дейін) артуымен байланысты болып отыр. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ ТМК және химия саласын дамыту дирекциясы хабарлады.
Отандық арматураны тұтынушы ТОП елдердің қатарына Өзбекстан (46,2%), Тәжікстан (45,8%) және Түрікменстан (5,3%) кірді.
Қазақстандағы болат арматурасының жетекші отандық өндірушілері «Qarmet» АҚ (Қарағанды облысы), «ЕуразКаспианСталь» ЖШС (Қостанай облысы), «KSP Steel» (Павлодар облысы), «Тараз арматура зауыты» (Жамбыл облысы), «SinYuanSteel» және «Ferrum-Vtor» (Шымкент), «Central Asia Fu Zhou Metal» (Алматы облысы). Барлық кәсіпорындардың жалпы жобалық қуаты жылына 1,9 млн тоннаны құрайды.
Болат арматура экспортының көлемі, тонна
|
|
қаңтар |
қаңтар |
динамика |
|
Барлығы |
25 245 |
53 934 |
+2,1 есе |
|
Соның ішінде |
|
|
|
|
Өзбекстан |
2 706 |
24 927 |
+9,2 есе |
|
Тәжікстан |
19 603 |
24 689 |
+25,9% |
|
Түркіменстан |
1 990 |
2 833 |
+42,3% |
Дереккөздер: ҚР СЖРА ҰСБ және ҚР ҚМ МКК
