«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының мамандары өңірлерде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының шарттары мен тетіктерін түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Алдағы күндері мамандар Қызылорда, Түркістан және Шымкент қалаларындағы бизнес-қауымдастық өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.
Кездесулер барысында сонымен қатар отандық өңдеу өнеркәсібінің даму мәселелеріне қатысты сауалнама жүргізіледі, оның нәтижелері өнеркәсіптің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Өнеркәсіптік қауымдастықтар мен кәсіпорындардың өкілдерімен кездесулер келесі күндерге жоспарланған:
- Қызылорда-22 сәуір (15.00);
- Түркістан-24 сәуір (11.00);
- Шымкент-28 сәуір (11.00).
Кездесулер өңірлік әкімдіктердің ғимараттарында өтеді.
QazIndustry өкілдері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ айтып, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап береді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 778 171 2466 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.
