2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында еліміздегі тауарлы бетон өндірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,4 % - ға артқан. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында республикада 4 662 452 тонна тауарлы бетон өндірілген. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш - 3 320 468 тоннаны құраған.
Өндіріс көлемінің артуына Алматы қаласы негізгі үлес қосты. Мұнда бетон өндіру көлемі екі есеге артқан.
Елдегі тауарлық бетонның негізгі өндірушілері – Алматыдағы «Асфальтобетон-1», Астанадағы «Center Beton Company», сондай-ақ Қарағанды облысындағы «ККК Бетон» және басқа да кәсіпорындар.
Тауарлық бетон өндірісінің көлемінің динамикасы
|
Өндіріс өлемі |
қаңтар-наурыз 2024 жыл |
қаңтар-наурыз 2025 жыл |
Өсім |
|
Қазақстан Республикасы, тонна |
3 320 468 |
4 662 452 |
+40,4% |
|
Алматы қаласы, тонна |
354 537 |
753 188 |
+2,1есе |
Дереккөздер: ҚР СЖРА ҰСБ
