Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі 2,8 есеге артты

2025 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы техникаларын өндіру саласындағы  нақты көлем индексі өткен жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда 2,8 есеге артып, 161,5%-ды құрады (2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында бұл көрсеткіш 57,5% болған).

Есептік кезеңде келесі өнім түрлерінің өндірісі артты:

-  «Ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де тракторлар» – 157 % - ға (1199 данадан 1877 данаға дейін);

-  «Жинау машиналары» – 188%-ға (299 данадан 561 данаға дейін);

-  «Топырақты дайындау және өңдеу үшін пайдаланылатын ауыл және орман шаруашылығы машиналары» – 187 %-ға (218 данадан 407 данаға дейін);

-  «Ауыл шаруашылығында қолданылатын өздігінен тиелетін немесе өздігінен түсірілетін тіркемелер мен жартылай тіркемелер» – 6,3 есе (3 данадан 19 данаға дейін).