QazIndustry өкілдері Алматы, Алматы облысы және Жетісу өңірлерінің өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерімен кездесулер өткізді

2025 жылдың 12-16 мамыры аралығында QazIndustry өкілдері өңірлік әкімдіктер мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалдарымен бірлесіп, Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу өңіріндегі өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Сапарлардың мақсаты – өндірістік процестермен танысу, мемлекеттік қолдау мен цифрландыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ индустриялық ахуалды бағалау мақсатында сауалнама жүргізу болды.

Алматы қаласында Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының өкілдері 13 өндірістік нысанды аралады («Сайман корпорациясы» ЖШС, «Энергетикалық Компания», Doc Co.Ltd., «Талант» құрылыс фирмасы», «ЭлтексАлатау», «Қазақстандық құбыр жүйелері», DS Multimedia CA, «Балхан» компаниясы, OISB Kazakhstan, Kazlegprom-Almaty, «ҚазСПО-N», Universal Build және «Келет» АҚ). Аталған кәсіпорындар электр тарату жабдықтарын, жылу желілеріне арналған құрылғыларды, ұйымдастыру техникасына арналған картридждер мен тонерлерді, жарықтандыру жабдықтарын, байланыс және телекоммуникация құралдарын, сорғылар мен желдеткіштерді шығарады, сондай-ақ киім тігу өндірісі және т.б бағыттардағы кәсіпорындар.

Алматы облысында мамандар Талғар және Қонаев қалаларындағы 5 кәсіпорынға барды. Атап айтқанда, тігін және арнайы киім өндірісімен айналысатын Glasman, Clotwell және «Ажар» кәсіпорындары және жүк көтергіш жабдықтар өндірісімен айналысатын Алматы желдеткіш зауыты мен Turan Kran кәсіпорындары.

Жетісу облысында QazIndustry өкілдері автокөліктерге, техникалар мен локомотивтерге арналған аккумулятор шығаратын «Кайнар АКБ» зауытында және аккумулятор батареяларын өндіретін «Omega Energy» кәсіпорнында болды.

Жұмыс кездесулері барысында қазақстандық тауар өндірушілер Тізілімін енгізу және оның қалай жұмыс істейтіні, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ оларды мемлекеттік ынталандыру шараларына қатыстыру мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, кәсіпорындар арасында технология, шикізат, маман тапшылығы және мемлекеттік қолдауға қатысты мәселелерді анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелеріМемлекет басшысының қарауына ұсынылатын өнеркәсіптің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу барысында пайдаланылатын болады.