Ағымдағы жылдың 21 мамыры күні QazIndustry алаңында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және олардың өндірушілері Тізілімінің жаңартылған нұсқасына көшу мәселелері бойынша KazMinerals компаниясының өкілдерімен Zoom форматында онлайн-кездесу өтті.
Кездесуге «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының, Kaz Minerals Management LLC компаниясының өкілдері және Tizilim жүйесін әзірлеушілер қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа Tizilim жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін, оны қолдану тәсілдері мен процестерді жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық базалармен сәйкестендіру мәселелерін қарастырды.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және олардың өндірушілері туралы жаңартылған Tizilim жүйесі іске қосылады. Бұл жүйе Nadloc реестрі (reestr.nadloc.kz) негізінде әзірленген.
Жер қойнауын пайдаланушылармен және отандық тауар өндірушілермен жұмыс кездесулері алдағы уақытта да жалғасады. Бұл кездесулерде өзара іс-қимылдың бағыттары мен тетіктері нақтыланып, талқыланатын болады.
