2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда аммоний сульфатын өндіру көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 4 есеге өсіп, 2 737 тоннадан 10 838 тоннаға дейін жетті. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ ТМК және химия саласын дамыту дирекциясы хабарлады.
«Мұндай өсім «КазАзот» АҚ зауытында өндіріс көлемінің артуымен және көктемгі егіс жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өнімге сұраныстың артуымен байланысты», – делінген хабарламада.
Аммоний сульфатын өндіретін негізгі отандық кәсіпорындар – «ҚазАзот» АҚ (Ақтау қаласы) және «Talas Investment Company» ЖШС (Қаратау қаласы).
Айта кетейік, аммоний сульфаты – құрамында күкірті бар жоғары тиімді азотты тыңайтқыш. Ол өсімдіктің вегетативті массасының өсуін реттейді, өнімділікті арттырады және өсімдіктің өміршеңдігін күшейтеді.
Аммоний сульфаты өндірісінің көлемі, тонна
|
Атауы |
қаңтар – сәуір 2024 ж. |
қаңтар – сәуір 2025 ж. |
Өсім |
|
Аммоний сульфаты |
2 737 |
10 838 |
+4,0 есе |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК.
