2025 жылдың алғашқы төрт айында электротехникалық машина жасау саласында өндірілген өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,1 % - ға өсіп, 135,5 млрд теңгені құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 100,2 млрд теңге). Нақты көрсеткіш бойынша өндіріс көлемі 1,8 есеге ұлғайған (НКИ - 181,6%). Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.
«Ең үлкен өсім электр сымдары мен кабельдер өндірісінде – 30,5% және трансформаторлар мен электр қозғалтқыштарын өндіруде – 60,1% байқалады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, есептік кезеңде келесі өнім түрлерінің өндірісі айтарлықтай өскен: талшықты-оптикалық кабельдер – 2,4 есе (9,9 км-ден 24,2 км-ге дейін), қуаты 650 кВА-дан жоғары, бірақ 10 000 кВА-дан аспайтын сұйық диэлектрикі бар трансформаторлар – 151% (851 бірліктен 1288 бірлікке дейін), таратушы щиттер – 131,1% (83 556 бірліктен 109 598 бірлікке дейін), статикалық түрлендіргіштер – 19,7 есе (38 бірліктен 749 бірлікке дейін), салқындатқыш және мұздатқыш жабдықтар – 2,1 есе (843 бірліктен 1752 бірлікке дейін).
