Қазақстанда ағаштан жасалған асханалық және асүйлік керек-жарақтар өндірісі 5 есеге артты

2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда ағаштан жасалған асханалық және асүйлік керек-жарақтар өндірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 5 есеге ұлғайып, 32,1 тоннаға жетті.

Өндірістің өсуіне ең үлкен үлесті Ақмола облысындағы кәсіпорындар қосты — бұл өңірде өндіріс көлемі 4,7 есеге артқан. Сонымен қатар, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында да аталған өнім айтарлықтай көлемде шығарылған.

 

1-кесте – Қазақстанда ағаштан жасалған асханалық және асүйлік керек-жарақтарын өндіру көлемі

Көрсеткіш атауы

қаңтар-сәуір

2024 ж.

қаңтар-сәуір

2025 ж.

өсім

Қазақстанда ағаштан жасалған асханалық және асүйлік керек-жарақтар, кг

6 731

32 107

+5 есе

Дереккөздер: ҚР СЖРА ҰСБ