QazIndustry өнеркәсіпке арналған мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіруді жалғастыруда

«QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының өкілдері нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің жетекші отандық өндірушісі — «Тәп-Тәтті» ЖШС-нің өндірістік алаңына барды.

«Тәп-Тәтті» компаниясы 2013 жылы құрылған және тұрақты әрі сапалы өнім өндіруші ретінде танылған. Негізгі қызмет бағыты — торттар, бәліштер, печенье және басқа да кондитерлік өнімдер шығару. Қазіргі таңда кәсіпорын белсенді дамып, Астана және елдің басқа өңірлерінде филиалдар желісін кеңейтуде.

Аталған кездесудің негізгі мақсаты — кәсіпорын қызметімен танысып, QazIndustry ұсынатын мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы компания өкілдерін ақпараттандыру болды. Мамандар монтаждау және іске қосу жұмыстарын қаржыландыру, шетелдік мамандарды тарту, қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ өнімді сертификаттау сияқты ынталандыру шараларына қатысу шарттарын толық түсіндірді.

Сонымен қатар, «Тәп-Тәтті» ЖШС өкілдері QazIndustry кеңсесінде сейсенбі және бейсенбі күндері өткізілетін Ашық есік күндеріне қатысуға шақырылды.

Шығындарды өтеу шарттарымен толығырақ орталықтың https://qazindustry.gov.kz/ ресми сайтындағы «Бизнеске қолдау көрсету» бөлімінен танысуға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 793399 (ішкі. 444) байланыс телефонына хабарласуға болады.