QazIndustry өкілдері Central Asia Plast World 2025 пластмасса және полимерлер индустриясының 17-ші халықаралық көрмесінің жұмысына қатысады. Іс-шара 25–27 маусым күндері Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығының 11-павильонында өтеді.
Көрмеге 15 елден жүзден астам компания қатысады. Олар пластмассаны қайта өңдеу, қаптама, баспа және каучук өндірісіне арналған жабдықтар, шикізат, қоспалар мен суперконцентраттар, престеу қалыптары, 3D-баспа, полиуретан және композиттер, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеуге арналған экологиялық шешімдер ұсынады.
Көрме аясында B2B-кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіліп, саланың өзекті трендтері мен технологиялары талқыланады.
Іс-шарада мемлекеттік ынталандыру шаралары мен табысты кейстер туралы «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев айтып береді. Спикердің баяндамасы 25 маусым күні сағат 14:00–15:00 аралығында жоспарланған. Кездесуге мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ ақпарат алғысы келетін кәсіпкерлер шақырылады.
Сондай-ақ, 26 маусым күні өтетін сессиялардың бірінде «QazIndustry» АҚ ТМК және химия саласын дамыту дирекциясының бас сарапшысы Салтанат Үйсімбаева әлемдік трендтер мен олардың Қазақстандағы пластмасса өнімдері өндірісінің дамуына ықпалы туралы баяндама жасайды.
Central Asia Plast World 2025 көрмесіне қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеуден өту қажет: https://www.cate.kz/register/?lang=RU&fair=13.
