«QazIndustry» АҚ атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
БАҚ – кез келген мемлекеттің дамуы жолында ерекше орын алатын маңызды сала. Сіздер қоғамды сапалы әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіп, өздеріңізге жүктелген маңызды міндетті абыроймен атқарып келесіздер.
Сіздерге шығармашылық табыс, зор денсаулық пен бақ-береке тілейміз!
