2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында пластмассадан жасалған жиһазға арналған бекіткіштер мен фурнитура өндірісі 4,3 есе өсіп, 3699-дан 16 002 килограмға дейін артты. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ ТМК және химия саласын дамыту дирекциясы хабарлады. Өсім елдегі құрылыс көлемінің өсуі аясында жиһаз өндірушілер тарапынан өнімге деген сұраныстың артуына байланысты болып отыр.
Қазақстанда пластмассадан жасалған жиһазға арналған бекіткіштер мен фурнитураны Шымкенттегі «Транс Полимер», «ВокХаус» пен «ҚазТермоПласт», сондай-ақ Павлодардағы «Troya» мен «Феникс» жиһаз фабрикасы сияқты кәсіпорындар шығарады.
Жиһазға арналған пластмассалық бекіткіштер мен фурнитураның өндіріс көлемі, кг
|
Атауы |
Қаңтар - мамыр 2024 жыл |
Қаңтар - мамыр 2025 жыл |
Өсім |
|
Жиһазға арналған пластмассалық бекіткіштер мен фурнитура |
3699 |
16 002 |
+4,3 есе |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК.
Айта кетейік, пластмассадан жасалған жиһазға арналған бекіткіш заттар мен фурнитуралар жиһазды біріктіру, құрастыру, реттеу және оны функционалды түрде пайдалану үшін қолданылады. Олар пластмассаның әртүрлі түрлерінен жасалады және заманауи жиһаз өндірісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
