2025 жылдың бірінші жартыжылдығында синтетикалық материалдан тігілетін әйелдерге арналған арнайы киім өндірісінің көлемі 1,5 мыңнан 27 мың данаға дейін өсіп, 18,3 есеге артқан. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.
Мұндай жоғары көрсеткішке Алматы қаласындағы өндіріс көлемінің 60,9 есеге артуы есебінен қол жеткізілді.
Алматыда арнайы киім өндіретін негізгі компаниялар «Қазлегпром-Алматы», «Adal Kyzmet Group», «Qazaq Tigin Fabrikasy» және басқа да кәсіпорындар.
Әйелдерге арналған синтетикалық жиынтықтар мен жұмысқа арналған костюмдер өндірісінің көлемі
|
|
қаңтар-маусым 2024 жыл |
қаңтар-маусым 2025 жыл |
өсім |
|
ҚР |
1475 |
27 062 |
+18,3 есе |
|
Алматы қаласы |
337 |
20 508 |
+60,9 есе |
Дереккөздер: ҚР СЖРА ҰСБ
