QazIndustry кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау бойынша тегін оқыту вебинарларына қатысуға шақырады

QazIndustry өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау бойынша салалық бағыттағы тегін оқыту вебинарларын өткізеді.  Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен топ-менеджерлерін аталмыш оқыту вебинарларына қатысуға шақырамыз.

Вебинарлардың негізгі мақсаты – өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарға өндірістік процестерді басқару сапасын арттыру, шығындарды азайту және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді меңгеруге қолдау көрсету болып табылады.

«Вебинарлар аясында мониторинг және автоматтандыру жүйелерінен бастап, жасанды интеллект пен өнеркәсіптік заттар интернеті негізіндегі кешенді шешімдерге дейінгі цифрлық құралдарды тиімді енгізген кәсіпорындардың практикалық тәжірибесі ұсынылады», – делінген «QazIndustry» АҚ Цифрлық трансформациялау дирекциясының хабарламасында.

Вебинарлардың тақырыптары нақты сектордағы кәсіпорындардың өзекті қажеттіліктерін ескере отырып таңдалған. Тақырыптар өндірістік есепті цифрландырудан бастап, машина көру технологиясы мен зияткерлік аналитиканы қолдануға дейінгі бағыттарды қамтиды.

IT-компаниялардың өкілдері кәсіпорындардағы зертханалық және зерттеу жұмыстарының цифрлануы, өндірісті жедел басқару, машина жасау саласындағы сапаны толық бақылау, киберқауіпсіздік, өндірістегі роботтарды қолдану туралы баяндайды, сонымен қатар, олар MES, SCADA, APS, OEE жүйелері, машиналық көру, өнімнің цифрлық паспорты сынды заманауи цифрлық шешімдер мен басқа да инновациялар жайында ақпарат береді.

Цифрлық шешімдерді өндірістік ортада енгізу бойынша практикалық тәжірибесімен және сәтті іске асқан жобаларымен отандық және халықаралық компаниялардың өкілдері – ALGARYTM, IDS Metra Robotics, KIT Systems, Vekas Automation және басқалары бөліседі.

Вебинар қатысушылары өз сұрақтарын қойып, жобаларын ұсына алады, туындаған қиындықтар мен оларды шешу жолдарын талқылап, болашақтағы ынтымақтастыққа негіз болатын байланыс орната алады.

Оқытуға арналған шеберлік сыныптары Zoom платформасында бейнеконференция форматында өткізіледі.

Бірінші вебинар 25 шілдеде «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың зерттеу және зертханалық қызметін цифрландыру» тақырыбында өтеді. Тамыз айында үш вебинар жоспарланған: 19 тамызда «LIMS негізінде өндірісті жедел басқару және машина жасаудағы сапаны сквозной бақылау»; 22 тамызда «Өнеркәсіптік жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді тиімді басқаруға арналған заманауи цифрлық құралдар»; 29 тамызда «Киберқауіпсіздік және өнеркәсіптік ІТ-инфрақұрылым».

Қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеуден өту қажет:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfHmyx6DHBaUe-1lTByXzun52ql21VErtBJdHCFW3tmxphtUA/viewform?usp=header.

Сондай-ақ, тіркелуге өту үшін QR-кодты да пайдалануға болады.

Келесі вебинарлардың өткізілу мерзімі туралы ақпарат тіркеуден өткеннен кейін электрондық пошта арқылы қосымша хабарланатын болады.

Барлық сұрақтар бойынша QazIndustry өкілі Айжан Серікпаеваға +7 771 244 81 34 телефоны арқылы немесе  a.serikpaeva@qazindustry.gov.kz электрондық поштасы арқылы байланысуға болады.