Жер қойнауын пайдаланушылардың назарына!

Ағымдағы жылдың 24 шілдесі «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» ақпараттық жүйесінде https://www.reestr.nadloc.kz/  деректерді беру желісінде (интернет) бір күндік ақау орын алғанын хабарлаймыз. Бұл жағдай сатып алуларды жүргізуге немесе оларға қатысуға уақытша кедергі келтірді.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 1-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушілер арасында конкурстық рәсімдер бойынша бәсекелестікті шектемеу мақсатында, өнім берушілерге конкурсқа қатысу мүмкіндігін беру үшін техникалық ақау кезіне келген өтінімдерді қабылдау мерзімі бір жұмыс күніне – 25 шілде сағат 17:00-ге дейін ұзартылды.