Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі бойынша онлайн-кеңестерге 2300-ден астам бизнес өкілдері қатысты

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен өңірлер үшін қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу мәселелері бойынша онлайн-кеңестер сериясын өткізді.

Жеті күн ішінде өткен онлайн-кездесулерге еліміздің барлық өңірлерінен 400-ге жуық компанияны қамтыған 2300-ден астам бизнес, сондай-ақ жергілікті билік пен өңірлік кәсіпкерлер палаталарынан өкілдері қатысты.

QazIndustry мамандары қазақстандық тауар өндірушілердің жаңа тізілімінің жұмыс істеу қағидаларын жан-жақты түсіндіріп, әсіресе жүйенің отандық кәсіпорындардың қызметін бағалаудағы ашықтық пен объективтілікті арттыруға бағытталған негізгі элементтері ретіндегі цифрлық верификация мен деректерді автоматты тексеруге ерекше назар аударды.

Ақпараттық сессиялар барысында өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тауар өндірушілер жаңа Тізілімнің жұмысына қатысты өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Бұл қатысушыларға алдағы өзгерістерді тереңірек түсініп, соған сәйкес дайындалуға мүмкіндік береді.

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін енгізу – елімізде бизнесті дамытуға қолайлы, әділ әрі тиімді экожүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып отыр.