«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен QazTextileIndustry өкілдері үшін қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді. Іс-шараға жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігінің 30-ға жуық өкілі қатысты.
Онлайн-кездесулер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін және СТ-KZ пен индустриялық сертификаттардың орнын алмастыратын қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу ережелерін түсіндіру мақсатында өткізілді.
QazIndustry мамандары жаңа Тізілімнің қалай жұмыс істейтінін жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл қатысушыларға алдағы өзгерістерді тереңірек түсініп, соған сәйкес дайындалуға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін енгізу – елімізде бизнесті дамытуға қолайлы, әділ әрі тиімді экожүйе қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
