14 тамыз күні «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ЕАЭО аясындағы қолданыстағы тетіктер туралы онлайн-кеңес өткізеді. Барлық мүдделі өнеркәсіп өкілдерін аталмыш кезедсуге қатысуға шақырамыз.
Онлайн-кеңес ZOOM платформасында сағат 11:00-де басталады. Қаралатын негізгі тақырыптар:
1. ЕАЭО аясындағы кедендік-тарифтік реттеу және қорғау шаралары;
2. Мемлекеттік сатып алуларға арналған Еуразиялық тізілім;
3. ЕАЭО шеңберіндегі бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылай қолдау тетігі.
Бизнес өкілдері ЕАЭО аясындағы тетіктер мен құралдармен танысып, аталған тақырыптар бойынша барлық сұрақтарын қоя алады.
Онлайн-кеңеске қатысу және ZOOM платформасына қосылу сілтемесін алу үшін қатысушының аты-жөні, ұйымы және лауазымы көрсетілген мәліметтерді k.shaimergenova@qazindustry.gov.kz поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
