Кеңсеге арналған ағаш жиһаз өндірісі 55 %-ға артты

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының (қаңтар-маусым) қорытындысы бойынша Қазақстанда ағаштан жасалған кеңсе жиһазының өндірісі 55%-ға өсіп, 142,2 мың данадан 219,7 мың данаға жетті. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

«Мұндай көрсеткіш Түркістан облысындағы өндіріс көлемінің бес есеге артуының нәтижесінде қамтамасыз етіліп отыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы ағаштан жасалған кеңсе жиһазының негізгі өндірушілері – «Divalux», «СП Туран-мебель», «Adanat» және басқа да компаниялар.

 

Кеңсеге арналған ағаш жиһаз өндірісінің көлемі

 

 

Қаңтар - маусым

2024 жыл

Қаңтар - маусым

2025 жыл

Өсім

ҚР

142 164

219 676

      +55%

 Түркістан облысы

9569

46 233

      +5 есе

 

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ