2025 жылдың қаңтарында қайта өңделген шойын өндірісі 20%-ға артты. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ ТМК мен химия саласын дамыту дирекциясы хабарлады.
«Мұндай жоғары көрсеткіш Қарағанды облысындағы өндіріс көлемінің 243,7 мың тоннадан 292,4 мың тоннаға дейін ұлғаюының арқасында қамтамасыз етілді. Бұл өңір аталған өнімнің өндірісінде 100% үлеспен көш бастап тұр», – делінген хабарламада.
Қайта өңделген шойынды негізінен жылына шамамен 3 млн тонна өндіретін «Qarmet» АҚ шығарады.
Қайта өңделген шойын өндіріс көлемі
|
|
қаңтар 2024 жыл |
қаңтар 2025 жыл |
динамика |
|
Қазақстандағы өндіріс көлемі, мың тонна |
243,7 |
292,4 |
+20% |
|
Қарағанды облысы, мың тонна |
243,7 |
292,4 |
+20% |
Дереккөздер: ҚР СЖРА ҰСБ.
