Ағымдағы жылдың 15 тамызы күні «QazIndustry» АҚ жер қойнауын пайдалану саласындағы сатып алулар бойынша жаңартылған «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» - Tizilim мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша вебинар өткізді. Онлайн-кездесуге шамамен 50-ге жуық жер қойнауын пайдаланушылар, осы саладағы жеткізушілер және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының мамандары қатысушыларға Tizilim жүйесінің интерфейсінде жұмыс істеу тәртібін, ондағы мемлекеттік сатып алуларды рәсімдеу тәсілдерін көрсетіп, енгізілген жаңалықтар туралы ақпаратты жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, QazIndustry өкілдері оларға толыққанды жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» АҚ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен Tizilim жүйесінің қатысушылары үшін бірнеше оқыту вебинарларын өткізеді. Вебинарларға барлық мүдделі тараптар қатыса алады.
Келесі вебинар 27 тамыз күні сағат 15:00-де өтеді.
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/bhpupUEbCvM7ERis8
Қосылу сілтемесі: https://zoom.us/j/94642074443
Өткен вебинарлардың сақталған жазбаларын QazIndustry-дің ресми https://www.youtube.com/@QazIndustry/videos YouTube арнасынан көруге болады.
Барлық сұрақтар бойынша QazIndustry өкілі Думан Бақытбековке +7 (7172) 793390 (ішкі 1091) телефоны арқылы немесе d.bakytbekov@qazindustry.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
