2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында қара металл сымдарын экспорттау көлемі 2,7 есеге 3 416-дан 9 130 мың тоннаға дейін өсті. Өсімге Беларусьте сұраныстың 7,4 есеге (81 тоннадан 598 тоннаға дейін), Өзбекстанда 2,8 есеге (1429 тоннадан 3971 тоннаға), Ресейде 2,1 есеге (1831 тоннадан 4012 тоннаға) артуы есебінен қол жеткізілді. Бұл елдер сондай-ақ қара металдан жасалған отандық сымды тұтынатын елдердің қатарына келесідей үлеспен енді: Ресей (43,9%), Өзбекстан (43,5%), Беларусь (6,6%).
Қазақстандағы қара металл сымдарының жетекші отандық өндірушілері: «АМК-метиз» ЖШС (Алматы) және «Kaz-metiz» ЖШС (Қаз-метиз) (Қарағанды).
Қара металл сым экспортының көлемі, тонна
|
|
2024жыл қаңтар-мамыр |
2025жыл қаңтар-мамыр |
динамикасы |
|
Барлығы |
3 416 |
9 130 |
+2,7 есе |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
Ресей |
1 831 |
4 012 |
+2,1 есе |
|
Өзбекстан |
1 429 |
3 971 |
+2,8 есе |
|
Беларусь |
81 |
598 |
+7,4 есе |
Дереккөз: СЖРА ҰСБ және ҚР ҚМ МКК
