Химия өнеркәсібінде 794,4 млрд теңгеге өнім өндірілді

Қазақстанда химия өнеркәсібі қарқынды дамып, индустриядағы  жоғары технологиялық секторлардың біріне айналуда.

Химиялық өнімдер өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында, сонымен қатар ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика және көлік секторларында да кеңінен қолданылады, бұл аталған салалардың түпкілікті өнім өндіру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Биылға жылдың бірінші жартыжылдығында саланың өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 2,7%-ға, ал өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 5,8%-ға жетті. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының ТМК және химия саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

2025 жылғы қаңтар–маусым айларында химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі қаржылай мәнде 794,4 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 66,1%-ға артты. Нақты көлем индексі 107%-ды құрады.

Өндірістің өсімі саланың барлық секторларында байқалады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ең жоғары көрсеткіш негізінен басқа да негізгі бейорганикалық химиялық заттар (күкірт қышқылы, фосфор қышқылы және т.б.) өндірісінің 1,4 есе артуына, бастапқы формадағы пластмассалар (полипропилен) көлемінің 1,7 есе көбеюіне, сондай-ақ тыңайтқыштар мен азот құрамдас қосылыстар өндірісінің шамамен 1,8 есе ұлғаюына байланысты болды.

Химия өнімдерінің басым бөлігі (күкірт қышқылы, этил спирті, полипропилен, цементке арналған қоспалар және т.б.)  химия және оған іргелес салалардағы өндіріс үшін негізгі шикізаттық компоненттер болып табылады. Мысалы, дезинфекциялық құралдар, құрылыс материалдары, пластмасса бұйымдарын өндіруде қолданылады.
Сонымен қатар кейбір химия өнімдері (күкірт, аммоний сульфаты, кальций карбиді, фторсутек қышқылы, металл оксидтері) өнеркәсіптің басқа салаларында – металлургияда, мұнай өндіру және мұнай өңдеу секторында, пайдалы қазбаларды өндіруде қосалқы өнім ретінде шығарылады. Сондықтан мұндай өнімдердің өндіріс көлемі осы салалардың даму деңгейі мен сұранысына тікелей байланысты.

Өндіріс көлемінің өсуі табиғи көрсеткіште этил спирті (+23,1%), хром триоксиді (+19,6%), цементтерге, құрылыс ерітінділері мен бетондарға арналған қоспалар (+13,8%), гипохлориттер (+7,9%), полимерлер негізіндегі бояулар мен лактар (+5,8%) және басқа да өнім түрлерінде байқалады.

Қаңтар–мамыр айларында химия өнімдері нарығының көлемі $2 406,8 млн (1 229,5 млрд теңге) құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,2%-ға артты. Нарықтың өсуіне өндіріс көлемінің едәуір артуы (+48,4%) және импорттың салыстырмалы түрде аз өсуі (+16,3%) әсер етті.

Отандық тауар өндірушілердің үлесі 5,9 пайыздық тармаққа өсіп, 12,3%-ға жетті.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру саласындағы негізгі капиталға 166,8 млрд теңге инвестиция салынды, бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 87,5%-ға көп.

Инвестициялардың өсуі негізінен Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 30 мың тонна болатын сутегі пероксидін өндіру жобасына («Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС, 30,6 млрд теңге) және натрий цианидін өндіру жобасына («Talas Investments Company», 25,8 млрд теңге), сондай-ақ Атырау облысында қуаттылығы жылына 10 мың тонна болатын сұйық азот өндіру жобасына («TenizEcoService», 4,6 млрд теңге) инвестиция тартумен байланысты.

Инвестиция өсімі негізінен ірі жобаларға салынған қаржымен байланысты. Жамбыл облысында жылына 30 мың тонна сутегі асқын тотығын өндіру жобасы («Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС, 30,6 млрд теңге) және натрий цианидін шығару жобасы («Talas Investments Company», 25,8 млрд теңге) жүзеге асырылып жатыр және Атырау облысында жылына 10 мың тонна сұйық азот өндіретін жобаға («TenizEcoService», 4,6 млрд теңге) инвестиция салынған.