2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде өндірілетін табақ шыны өнімінің экспорты екі есеге өсіп, 3 547,1 млн теңгеден 6 990,1 млн теңгеге жетті. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.
Экспорттың шамамен 40%-ы Өзбекстанға, қалған бөлігі бірқатар ТМД елдеріне жіберілді.
Айта кетейік, табақ шыны құрылыс, сәулет, көлік және күнделікті тұрмыста қолданылатын түрлі бұйымдарды өндіруде пайдаланылады. Мысалы, ғимараттар мен көлік құралдарын әйнектеу, жиһаз, тұрмыстық техника және декор элементтерін жасау кезінде қолданылады.