QazIndustry қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтайды

QazIndustry ұжымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтайды!

Бұл мереке – мемлекеттің бірлігі, тұрақтылығы және тұрақты дамуының символы. Отыз жыл бұрын қабылданған Ата Заңымыз негізгі құндылықтарды айқындап, еліміздің барлық жетістіктерінің берік негізіне айналды

Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілейміз!